Қызылордада жол бойында жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

828

0

Бүгін Қызылорда қаласы тұсындағы «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» күре жолының бойында жүк көлігі толығымен өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама сағат 20.12-де келіп түсті. Аталған шақырту бойынша оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы жедел жетті.

«Барлау жұмыстарын жүргізген мамандар жүк көлігінің тіркемесінде тиелген шиналар және автобөлшектер жанып жатқанын анықтады. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші күйік шалып, облыстық ауруханаға жөнелтілген. Автокөлік жүргізушісі 1969 жылы дүниеге келген Орал қаласының тумасы екені анықталды. Көлік жүргізушісін 80 пайыз күйік шалған. Ол облыстық медициналық орталығының жан сақтау бөліміне жатқызылған», – деп мәлім етті Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі.

Өрт 21:17-де толығымен сөндірілді. Қазір өрттің шығу салдары мен шығыны анықталу үстінде.

Сондай-ақ, бұдан бұрын Қызылордада газ баллоны жарылысынан үш адам жарақат алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<