Қызылордалық жас бишілер Лондонда өткен байқауда жүлдегер атанды

780

0

Англия астанасы – Лондон қаласында өткен «Супер әлемдік талант-2020» онлайн байқауында «Айшуақ» би тобы бірінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Би тобы Бұдабай Қабылұлы атындағы Шиелі аудандық мәдени-шығармашылық орталығы жанынан құрылған. Онда 10-13 жастағы өрендер тәлім алады.

Жас өнерпаздар халықаралық байқауда бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Би тобына Динара Оразова жетекшілік етеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<