Ресейде пиротехника сақталған базардың өртенуі видеоға түсірілді

469

0

Ростов-на-Дону қаласында орналасқан базарда пиротехника сақталған павильон өртенді, – деп хабарлайды РИА Новости.

Малое Зеленое Кольцо көшесіндегі «Классик» базарында өрт шыққаны туралы таңғы сағат 6:30-да белгілі болды. Соңғы мәліметтер бойынша, төрт мың шаршы метр жер өртенген.

РФ ТЖМ хабарлауынша, екіқабатты павильонның аумағы – 3,2 мың шаршы метр.

Оқиға орнынан түсірілген видеодан петарда мен отшашудың жарылып жатқанын көруге болады.

Өрт қиындығы жағынан төртінші нөмір деп бағаланды. Оны 200-ге жуық адам 66 техниканың көмегімен сөндіріп жатыр. Новочеркасск, Аксай және Ростов өрт-құтқару гарнизондарының және мамандандырылған өрт-құтқару бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<