«Syr Volonterlary» орталығы ашылады

790

0

Қызылордада «Syr Volonterlary» орталығы ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

«Орталықтың мақсаты – барлық еріктілерді бір орталыққа біріктіріп, сапалы қызмет көрсету. Аталған орталық Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі ғимаратында орналасқан. Волонтер болғысы келетін барша ынталы азаматтар «Syr Volonterlary» орталығының 401-110 байланыс телефонына хабарласуға болады. Пандемия кезінде волонтерлар ауқымды жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға материалдық қолдау, автоволонтерлардың көмегімен медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліп, жыл басынан бері түрлі форматтағы 1 184 шаралар ұйымдастырылды»,-деді Серік Әбжәліұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<