Жастардың тартуы

657

0

Бұл – мерейлі мерекеге деген жастардың тартуы. Бүгін олар «Aray City Mall» сауда орталығында салтанатты шара өткізіп, жерлестерге өз тартуын ұсынды.

 Облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Бауыржан Мастеков тұрғындарды айрықша мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарындағы егемен еліміздің жетістіктерін жіпке тізді. Шарада «МЕНІҢ ТУЫМ, МЕНІҢ ОТАНЫМ!» патриоттық акциясы ұйымдастырылып, бір мезетте мемлекеттік гимн және патриоттық әндер орындалды.

 Акцияда мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Мен Қазақпын» мега жобасының жеңімпазы Күнсұлу Түрікпен және жас ақын, «Самғау» жастар сыйлығының иегері Максат Дауылбай мерекемен құттықтады. Мақсат жүрекжарды өлеңін оқыды, ол жүректерге жетті.

Акция қорытындысында өз саласында жетістікке жетіп, креативтілігімен көзге түскен бірқатар жас облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың Алғыс хатымен марапатталды. Қатысушы жастарға кіші жалаушалар да сыйға берілді. Әннен шашу шашылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<