Жаза күшейді

354

0

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін одан әрі арттыруға бағытталған бірқатар тұжырымдамалық шараларды көздейтін заңға өзгеріс енгізілді.

Енді пара берушілер үшін (50 АЕК дейін) айыппұлдың ең төменгі мөлшері 2 есеге, параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін ұлғайтылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) облыс бойынша департаментінің басшысы Ардақ Ерсейтов брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, делдалдар үшін де айыппұлдың мөлшері 2 есеге ұлғайтылған.

–       Бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген «айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса, тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды. Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғары шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды. Бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа жатады. Мұнда шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген, – деді департамент басшысы.

 «СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<