Көшбасшының көреген саясаты ғасырлар керуеніне ілестірді

1837

0


Бодандықтан басын арашалап алған жас Қазақ елі мен қазіргі Қазақстанның жай-күйі тым бөлек. Осы орайда, ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты мақаласы әр жылдардағы қуаныштың қатары артып, талай қиын кезеңнің артта қалғанын, өткен кезеңдердегі орындалған миссиялармен қоса көптеген оқиғаны еске салды.

«Мен отыз жыл бойы халқымды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, қайраңға қалдырмай, әлемдік өркениеттің алдыңғы шебіне, дүниедегі ең дамыған 40 елдің қатарына қостым. Осы жылдар ішінде әлемдік ғылым мен мәдениеттің ең үздік жетістіктерін меңгерген жаңа ұрпақ қалыптасты» дей келе, «Ынтымағы жарасқан елдің табысы тасып, абыройы асады. Берекесі қашқан елдің қуаты кеміп, құты қашады. Отыз жыл ішінде біз ғасырларға бергісіз даму жолынан өттік», – деді Елбасы.


Осыдан отыз жыл бұрын Қазақстанның мемлекетік тәуелсіздігі туралы заң қабылданғаннан кейін ғана халқымыз өз мемлекеттігін, шынайы тарихы мен мәдениетін қайта түлетуге жігерлене құлшыныспен кірісті, елдің ішкі және сыртқы саясатын, өзіміз бұрын өмір сүрген қоғамнан түбірінен өзгеше жаңа, демократиялық қоғам құру принциптерін дербес айқындады. Әрине, ең алдымен бұрынғы жүйенің құлауының зардаптарын, әлеуметтік—экономикалақ күйреу мен дағдарысты бастан кешірдік. Соған қарамастан Қазақ мемлекеті өркендеуде өз жолын таба біліп, өркениетке өз үлесін қосып келеді.


Ғасырлар керуеніне ілескен Ұлы Дала елінің ұрпақтары небір қилы заман, қиын кезеңдерді басынан өткеріп, Тәуелсіздіктің де 30 жылдық мерекесіне таяп қалды. Тәуелсіздік – қазақ халқы үшін жай айтыла салған сөз емес, бұл қазақ халқының тарихи болмысындағы аңсаған арманы. Тәуелсіздік– барша халқымыздың күрес пен еңбек, ілім-білім мен өнерінің шабытына қамшы басқан үміт десек болады. Бұған Тәуелсіздік жолында жан аямай ерекше елі, жері,Отаны үшін Көшбасшымыздың ерлік жолдары айқын дәлел бола алады.

Имандосов Нұрлан Самұратұлы,

Қазалы аудандық мәслихаттағы

«Nur Otan» партиясы депутаттық

фракциясының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<