ЗЕРЕН ЗЕРДЕДЕГІ ЖАД ЖАЗУЫ

Ең алғаш мотоцикл мінген де, жекеменшік «Волга» машинасының иесі болған да Сейітхан Орынбайұлы болар. Бала кезімізде оны «Сейітхан шопыр» деуші едік. Құдай берген талант «шопырлықтан» өсіріп, кітап авторлығына дейін жеткізіпті. Қызғанамыз, бірақ күндемейміз, қуанамыз, өйткені, ол – «1 Май» қазақ ер балалар орта мектебінің түлегі. Қалаға, қала берді облысқа танымал азамат Қылышбаев Орынбайдың отбасынан, әке даңқымен емес, өз бетінше өз әлінше күш-қуатын көрсете білген азамат.
ҚОҒАМ 23 қараша 2013 г. 500 0

АДАМНЫҢ БАР МІНІ – МІНЕЗІНЕН

Мінез. Адамның мінезі сан саналы, көп қырлы болып келеді. Саралап айтар болсақ: жомарт, сараң, керісінше мырза, тәкәпар, тасбауыр, биязы, өзін жоғары ұстау, кішіпейіл, қызғаныш, ашу, сабырлы, екіжүзді, маңғаз, паң, өтірікші, қанағат қылу, тәубе ету, әдептілік, керісінше әдепсіздік, санасыз, сыпайылық , т.б.
ҚОҒАМ 23 қараша 2013 г. 3 917 0
ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ АДАМҒА ӨМІР СЫЙЛАЙДЫ

ТРАНСПЛАНТОЛОГИЯ АДАМҒА ӨМІР СЫЙЛАЙДЫ

Өткен жылы Қазақстанда бірінші рет созылмалы жүректің жетіспеушілігі диагнозы қойылған науқасқа донорлық жүрек трансплантациясын жасағаны белгілі.  Бұл отаны Чехияның кардиохирургы Жан Пирктің қатысуымен еліміздің жетекші кардиохирургы, медицина ғылымдарының докторы Юрий Пя жасады.
ҚОҒАМ 23 қараша 2013 г. 2 564 0
АЛЫСҚА КӨЗ ТІККЕН АРУ ҚЫЗ

АЛЫСҚА КӨЗ ТІККЕН АРУ ҚЫЗ

Көпбалалы отбасында өскен Ардақ бірінші сыныпта оқып жүргенде-ақ дәрігер боламын деп шығарма жазған еді. Әсемдене бой жеткен қыздың бойында кейіндеу әлденеше бейімділік бүр жарды. Ән салды, өлең де жазды, заманауи технологиялардың тілін меңгерді. Бірақ солардың бірі де оның дәрігер боламын деген арманын ауыстырған жоқ.
ҚОҒАМ 23 қараша 2013 г. 788 0

БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ – БАСТЫ МІНДЕТ

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов жақында өңірлерге жұмыс сапарымен барып қайтты. Сапар барысында Павлодар облысының әкімімен және Қарағанды қаласының басшыларымен өзара әрекеттестік мәселелерін талқылады. Бұдан басқа, А.Жұмағұлов объектілердегі құрылыс жұмыстарының барысымен және Банктің Қарағанды филиалының ұжымымен танысты. Сапар кезінде Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жаңа басшысы журналистердің бірқатар сұрақтарына, соның ішінде «ыңғайсыз» және «өткір» сауалдарға жауап берді. 
ҚОҒАМ 23 қараша 2013 г. 538 0
«БЭТТИДІҢ» КЕЗЕКТІ ОЛЖАСЫ

«БЭТТИДІҢ» КЕЗЕКТІ ОЛЖАСЫ

Қызылордалық кеденшілер ғана емес, есірткінің заңсыз айналымымен күресетін бірқатар құқық қорғау органдарының сенімді жәрдемшісі – «Бэтти» кезекті жедел іздестіру сапарынан олжалы оралды.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 466 0
АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

АУРУХАНА ҚАЙТА АШЫЛДЫ

Сырдария ауданына қарасты Аманкелді ауылы орталығында сонау 1938 жылдан бері халыққа қызмет жасап тұрған ауылдық аурухана бар болатын. Бұл аурухана тек аманкелділік тұрғындарға ғана емес, көршілес Жетікөл, Айдарлы, Бесарық ауылдары тұрғындарын да емдейтін. Түрлі себептермен соңғы екі жылдай мерзімде аурухана жабылып қалған-ды. Ауырған жандар сонау Тереңөзек кентінде орналасқан аудандық ауруханаға, облыс орталығына сабылып, әбден әбігерге түсті. Жасыратыны жоқ, облыс, аудан әкімдіктеріне жаңа басшылар келген соң ауыл халқының жанайқайы солардың құлағына жетті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен аудандық аурухана жанындағы ауылдық аурухана болып құрылып, осы жылғы қыркүйектен бастап жұмыс жасап жатыр.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 651 0
ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

ЖАСТАР БОЙЫНДАҒЫ ЖАТ ҚЫЛЫҚТАРҒА ТОҚТАУ САЛАЙЫҚ

Қазір Қызылордада тұрамын. Үйім мен қызмет орным қаланың Орталық алаңына жақын болғандықтан көпшілік демалатын орын болған бұрынғы «Еңбек аллеясы» маңында серуендеп жиі жүремін. Студент жастар, әсіресе қыздарымыз, қарсы не кесе-көлденең келіп қалғаныңда 2-3 метрдей жерден кідіріп, бізді өткізіп барып жүрісін жалғастырады. Ізеттілігіне риза болып, «бақытты бол, айналайын», «көп жаса» деп жас кезімізде үлкендердің бізге берген батасын енді өзіміз беріп, жастарымыздың қылығына марқайып қаламыз. 
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 040 0
ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

ҚЫЗМЕТІН АСЫРА ПАЙДАЛАНҒАНДАР ҚЫЗМЕТІМЕН ҚОШТАСАТЫН ТҮРІ БАР

Облыстық тәртіптік кеңестің оныншы отырысында үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша кеңес хатшылығының меңгерушісі Нұрлан Әбдікәрімов бірқатар мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялар жұмыстарында орын алған кемшіліктерді тілге тиек етті. Оған Қызылорда қаласы мен Сырдария ауданы әкімдерінің аппарат жетекшілері А.Есжанов пен Қ.Бержанов, облыстық сот актілерін орындау департаментінің басшысы Д.Жанзақов түсінік берді. Бірақ, соңғы шенеунік мемлекеттік тілге пысқырмайтынын байқатты.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 1 306 0
ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

ҚАЛАНЫҢ АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚАНДАЙ?

Жуырда облыстық ауылшаруашылық басқармасы БАҚ өкілдеріне ауыл шаруашылығы саласы бойынша бірнеше нысанға пресс-тур ұйымдастырды. Пресс-тур барысында журналистер «Қаржылай қолдау қоры» АҚ қатысуымен салынған жылыжай құрылысы, «Абзал и К» толық серіктестігі мен «Шөгірлі сүт фермасы» шаруа қожалығының жұмысымен таныстырды.
ҚОҒАМ 21 қараша 2013 г. 843 0