Маусымдық сауда орындары қызмет көрсетеді

496

0

Қала әкімінің «Қызылорда қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектiлерiн орналастыру орындарын бекiту туралы» қаулысына сәйкес, қаламыздың 41 аумағында стационарлық емес сауда объектілерінің маусымдық сауда орындары ашылады.

Қазіргі уақытта аталған стационарлық емес сауда объектілерінің екі нүктесі ашылып, онда маусымдық өнімдер (көкөніс, жеміс-жидек т.б.) тұрғындарға қолжетімді бағада ұсынылуда.

Стационарлық емес сауда объектілерінің бірі Қ.Яссауи («Анвар» сауда үйінің жаны) және Әбілхайыр хан көшелерінің бойынан (Сырдария өзенінің жағалауы, «Ескі базар» аймағы) ашылып, аталған маусымдық сауда орындарында «Байқоңыр ӘКК» АҚ ұсынған өнімдері де күнделікті көлік үстінен сату ұйымдастырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<