Қазақстанда туберкулезбен күрес айлығы басталды

333

0

Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне арналған айлық 24 ақпаннан 24 наурызға дейін жалғасады. Бұл туралы Ұлттық фтизопульмонология орталығының директоры Мәлік Әденов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айлық аясында фтизиатр, фтизиопедиатрлардың тегін кеңестері, тұрғындарды флюорографиялық тексерістен өткізу сияқты ауқымды акциялар жоспарланған.

«Пациенттердің емделуге бейімділігін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдардың көмегімен емделушілердің амбулаториялық сатысындағыларға психо-әлеуметтік қолдау көрсетілді. Оған қоса 2021 жылы науқастардың 92,0%-на әлеуметтік көмек көрсетілді»,-деді Мәлік Әденов.

Спикер ел халқын аурудың алғашқы белгілері кезінде дереу медициналық көмекке жүгінуге шақырды.

«Уақтылы анықтау және үздіксіз емдеу кезінде туберкулезді толық емдеуге болады. Туберкулезбен ауырған адамдар басқаларға қауіп төндірмей, оқып, жұмыс істей алады, әйелдер дүниеге дені сау бала әкеле алады және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<