Сақ қолбасшысының қорымы табылды

1933

0

Абай облысы Аягөз ауданында сақ қолбасшысының қорымы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің археологтары Аягөз ауданы Бозай ауылы маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатып сақ қолбасшысының қорымын тапты.

Қолбасшы осыдан 700-2600 жыл бұрын өмір сүрген болуы мүмкін. Сақ қорғанының диаметрі шамамен 30 метрді құрайды.

«Қазба жұмыстарын 2021 жылдан бері жүргізіп жатырмыз. Содан бері Бозай қорымынан әртүрлі кезеңге жататын 60-қа жуық ескерткіш анықталды. Аң стиліндегі бұғының, қабыланның бейнесі табылды», – дейд археолог Бауыржан Бесетаев.

Археологтар қазба жұмыстарын ары қарай жалғастыра бермек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<