Ата басылымға ақ тілек

260

0

Биыл «Сыр бойы» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толады

«Сыр бойы» – ата басылым,

Атады аймақ асылын.

Еңбекте жарыс-қалыстар,

Қалмады одан жасырын.

Орнымен озат аттарды,

Беріп тұрды ақпарды.

Еңбек еткен ерлерім,

Ел есінде сақталды.

Басылымға білімді,

Басшылық етті ағалар.

Назарға олар ілінді,

Берілді жақсы бағалар.

Сұрапыл соғыс жылдары,

Ерлікті ақын жырлады…

«Бәрі Жеңіс үшін!» деп,

Таппады тыным тылдағы…

Соғыстан алып анықты,

Ерлерді елге танытты.

Жеңістің болып жаршысы,

Хабардар етті халықты.

Қарқын алған құрылысты,

Қоғамдағы тұрмысты.

Жазып тұрды басылым,

Түйіні алуан түрлі істі.

Ауқымды істер алдағы,

Солардың себеп-салдары,

«Сыр бойынан» тұрақты,

Назардан тыс қалмады.

Қызметі халыққа,

Ғасырға жуық болыпты.

Жасарып жаңа қалыпта,

Тоқсан бес жасқа толыпты.

Кедергі болмай еш ғасыр,

Қатардан қалмай кеш ғасыр,

«Сыр бойы» саған тілейміз,

Жасай бер әлі бес ғасыр!..

Қазыбек Әшірбекұлы,

зейнеткер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<