Сұлтан Бейбарыс көшесі абаттандырылып, жаңа аллеялар пайда болды

891

0

Сәуір айында Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесін кеңейту, абаттандыру жұмыстары басталған болатын.

Осы көшедегі Қызылорда облысы әкімдігінің жеті қабатты еңселі ғимараты – қаладағы ең көрікті нысандардың бірі. Биылға дейін әкімдіктің биік қоршауы болған еді.

Аймақ басшысының тапсырмасымен ғимаратты «Ашық Үкімет» қағидасына сәйкестендіру үшін айналасындағы қоршау алынды. Бүгінде әкімдік алды қала тұрғындары серуен құратын, балалар асыр салып ойнайтын аллеяға айналды.

Қазір Тәуелсіздік және Н.Назарбаев даңғылдары арасындағы аумақ абаттандырылған, түнгі жарығы төгілген, демалысқа қолайлы жағдай жасалған орын. Көшенің осы бөлігіне алдағы уақытта да бірнеше субұрқақ, орындықтар орнатылады. Көше 6 жолақты болып кеңейтілді, Назарбаев Зияткерлік мектебі, Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицей секілді әлеуметтік нысандардың алдына автотұрақтар салынды.

Қазірдің өзінде бұл жайлы орын тұрғындар мен қала қонақтары жиі келетін мекенге айналды. Мұндағы құрылысы аяқталуға жақындаған жаңа нысандар – «Неке сарайы» мен «Өнер орталығы» пайдалануға берілгенде, қаланың бұл көшесі сәулетімен дараланбақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сурет әкімдіктің facebook әлеуметтік парақшасынан алынды

default
default
default

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<