Алдағы демалыс күндері ауа райы қандай болады

683

0

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Zakon. kz.


Қазақстанның солтүстік және шығыс жартысының тұрғындары, алғашқы аязды сезінді.


Оның себебі, солтүстік-батыстан кезекті антициклонның қозғалуында болып отыр. Ол алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасының төмендеуінің жаңа, бірақ суық емес толқынын тудырады.


Бұл аймақтардағы түнгі уақытта термометр бағандары 15-25 аязға дейін төмендейді.


Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады – оларға оңтүстік циклон әсер етеді, олармен бірге мол жауын-шашын, мұз құбылыстары күтіліп, ауа температурасы өте қолайлы болады деп болжанады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<