Аралда мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

565

0

Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.


Комиссия отырысына кент, ауылдық округ әкімдері ZOOM платформасы арқылы қатысты.


Алдымен аудан басшысы мемлекеттiк рәміздерді насихаттау мен қолдануда, азаматтардың бойында рәміздерге деген құрмет сезiмiн қалыптастыруда комиссияның орны ерекше екендігін атап өтті.


Жиынның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.


Алғаш болып аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Махмут аудандағы мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуының жай-күйі туралы хабарлады. Сонымен қатар жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде анықталған бірқатар білім беру, мәдениет, спорт мекемелеріндегі рәміздердің стандартқа сай орналастырылмаған және түнгі жарықшамдары жанбай тұрған деректерге тоқталып өтті.


Одан кейін аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Махатов Бауыржан мәдениет саласындағы мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуы мен насихатталуы және білім беру мекемелеріндегі оқушыларға патриоттық тәрбие беру бағытында атқарылған шараларды баяндап өтті.

Баяндамашылардан соң сөз алған аудан әкімі мемлекеттік рәміздерімізге құрметпен қарауды қалыптастыруда ең алдымен басшылықтағы азаматтар үлгі болу қажеттігін айтып, мемлекеттік нышандардың орналасуы бойынша кемшіліктер орын алған мекеме басшыларын қатаң сынға алды.


Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандықтардың абыройлы міндеті екендігіне тоқталған аудан басшысы дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, аумақтық басқарма басшыларына рәміздердің талапқа сай орналасуын тұрақты бақылауға алып, күнделікті жай-күйіне бақылауды күшейту және оларды қолдану, насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізуді тапсырды.


Комиссия отырысының қорытындысымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізілетін маңызды шаралар барысында мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, насихаттауға басымдылық берілуі қажеттігі, жас буынға мемлекеттік рәміздердің қадір-қасиетін түсіндіру арқылы патриоттық тәрбие беру жұмыстары күшейтілуі жөнінде жауапты басшыларға тапсырмалар жүктелді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<