\»Қайрат-\»Қайсар\»: 5-1

306

0

  Футболдан ел біріншілігінің 18 туры қасқырлар үшін сәтсіз аяқталды. Алматылық «Қайратқа» қонаққа барған Стойчо шәкірттері қарсыласына есе жіберді.
 Елорда уақытымен 8 де басталаған кездесуде алаң иелері шабуылды алғаш болып ұйымдастырып, үш ұпайға ниетті екенін байқатты. Кездесудің алғашқы голы 16 минутта соғылды. «Қайраттың» венгриялық легионері Мартин Эппель әріптесі Астановтың пасын ұтымды пайдаланып, командасын алға шығарды. Аталмыш шабуылшы 59, 73 минуттарда да көзге түсіп, хет-трик атанды. Сондай-ақ Бауыржан Исламхан мен Айбол Абикен бір доптан соғып, таблодағы есепті ұлғайтты. Матчтың бітер шағында Тигран Барсегян жойқын соққысымен Плотников қақпасынан саңылау тапты. Қорытынды есеп 5-1! Енді қызылордалық команда 20 шілдеде «Ақтөбені» қабылдайды.
«ҚАЙСАР» ФК баспасөз қызметі 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<