Бақытбек Смағұл – 59 жаста

308

0

59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары Бақытбек Смағұл дүниеге келді.

Қызылорда облысының Қазалы ауданында туған. 1975-1978 жылдары – Қазалы қаласындағы 34-ші селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген. 1979-1981 жылдары Совет Армиясы қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызмет атқаруға жіберілген.

 1981-1985 жылдары Алматы құрылыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс мамандығы бойынша бітірген. 2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 2004-2008 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітірген. 

1985-1989 жылдары – Алматы қаласы Калинин аудандық құрылыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы. 1989-1995 жылдары – шағын кооператив директорының орынбасары. 1995-1996 жылдары – Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы. 1996-1997 жылдары – «Болашақ» базарының директоры. 1997-1998 жылдары – Алматыдағы «Көк базардың» бас әкімшісі. 1998-1999 жылдары – «Сәлем» базарының директоры. 2000-2005 жылдары – «Тайқазан Техносервис» ЖШС бас директорының орынбасары. 

2005-2011 жылдары – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және «Сауап» қоғамдық қорының президенті.  2012-2016 жылдары – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан – қазіргі қызметінде. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.  Қазалы ауданының «Құрметті азаматы». II дәрежелі «Айбын», «Құрмет», «За заслуги», «Долг и честь» ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медальдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған. Таэкван-додан V дан – қара белбеу иегері.

 «Ауғанның от жалыны», «Мен көрген соғыс», «Война, которую видел я», «Қан кешкен күндер», «Намыстың құлы – Алаштың ұлы», «Қаhарман», «Үш қырлы жебе» кітаптарының авторы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз