Білім беру ұйымдарының деректер қоры бірыңғай сайт арқылы қолжетімді

1514

0

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымына сәйкес Қызылорда облыстық білім басқармасы ашықтық қағидатын берік ұстанады.

Ашықтықты қалыптастыруда әрбір білім беру ұйымдарының жеке деректер қоры мен бюджеттік көздері бірыңғай сайт арқылы қолжетімді. Бүгін бұл туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова «Антикор» орталығында тікелей эфир арқылы брифингте мәлімдеді.

2019 жылдан бастап мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халыққа ашықтық, қолжетімділікті ұйымдастыру мақсатында «Ашық бюджет интерактивті картасы» жобасы іске асырылды.

«Жоба аясында 2020 жылға бөлінген қаржы бойынша толық мәлімет https:publicbudget.kz сайтында жарияланған. Сайта басқарманың және басқармаға қарасты барлығы 35 мекеме, яғни 18 қазыналық кәсіпорын мен 17 мемлекеттік мекеме жеке кабинеттерін активациядан өткізіп қарай алады. Жобаның басты ерекшелігі – әр мекеменің функционалдық қызметтері, штат саны, ғимараттың жағдайы, жөндеу жұмыстары және тағы басқа мәліметтерін халыққа қолжетімді нысанда көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жыл көлемінде берілген қосымша қаржыға атқарылған іс-шаралар, мысалы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберіндегі жүргізілген жөндеу жұмыстары, «Жас маман» жобасымен сатып алынған құрал-жабдықтарға бөлінген қосымша қаржылар туралы мәліметтермен толықтырылып отырылады», – деді Ақзира Қасымова.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<