ЕҢБЕКҚОР ЖАСҚА ЖОЛ АШЫҚ

355

0

  Біздің елімізде жастарға қашанда қолдау бар. Ғылым, білім, мәдениет, спорт сынды барлық салада білімді, еңбекқор жастарға жол ашық. Биылғы жылдың «Жастар жылы» деп аталуы бізге, жастарға үлкен сенім артылатынын айқындады.

Жастарды шеберлік шыңына жетелейтін дүние – мақсат пен сенім, күш-жігер. Осы орайда мемлекет елдегі барша жасқа мотивация берді деп ойлаймын. Елбасының жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, жас кәсіпкерлердің бизнес бастамаларын қолдап, ауылға аттанған жас мамандарға берілетін жәрдемақы көлемін арттыруға тапсырма беруі үлкен көмек. Ал ерік-жігерді жас кезден-ақ қалыптастыру, денсаулықты нығайту халық үшін өте маңызды. Бұл ретте республикалық жастар чемпионаттары мен студенттік универсиадалар өткізу дәстүрін қайта жаңғырту міндеті қойылды.

Өткен жыл мен үшін өте табысты өтті. Болгарияның Варна қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен Əлем чемпионатында қола, Украинада өткен Әлем чемпионатында алтын жүлде иеленіп, Астанадағы Азия чемпионатының және Таразда ұйымдастырылған Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атандым. Көк тудың желбіреп, қазақтың беделін асқақтатып, әнұранның әлем халқының алдында қойылуы жүрегіңді үлкен қуанышқа бөлейді. Бойыңды өзің үшін емес, елің үшін мақтаныш сезімі кернейді. Қазір  мау­сым айында Бішкекте өтетін Азия кубогы мен сəуір айында Жапонияда болатын халықаралық турнирге дайындалудамын. Мақсатым – айқын, елге тек жеңіс әкелу.

Айбек ШАУКИЛОВ,

 киокушинкай-кан каратэден Əлем және Азия чемпионы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<