Еңбек – бақуатты өмірдің кілті

1224

0

Елбасымыздың «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығында: Еңбек – бақуатты өмірдің кілті дегендей Шиелі жері еңбегімен, ел берекесімен қоғам игілігі үшін бейнет етіп, тер төккен қаншама асыл азаматтарды дүниеге әкелді.


Киелі Шиелі жерінің атын әлемге паш еткен 41 Социалистік Еңбек Ерлеріміз бар. Биылғы жылғы ақ күріштің атасы, екі мәрте Социалистік Еңбер Ері Ыбрай Жақаевтың ізбасарлары – ауданымыздың күрішшілері жоғары өнімге қол жеткізіп, жыл қорытындысымен Шиелі ауданы егін шаруашылығы бойынша облыста «Озат аудан» атанды.


Елбасының «Ендеше табыстың кілті үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуде. Адал еңбек қана адамды мұратына жеткізеді. Осыны жастардың санасына сіңіру қажет» – деген сөзі әрбір азаматтың жүрегін тербегені анық.


Сондықтанда, жастарға бағыт-бағдар беріп, адамдық ізгі қасиеттерді бойына сіңіріп, еңбекке тәрбиелеуде аға ұрпақтың маңызы зор. Бұл әрбір осы мемлекеттің азаматы үшін ең негізгі құндылық деп білемін.

Біз бәсекеге қабілетті болуымыз керек. Өндіріп жатқан өнімдеріміз сапалы болуы керек, ол үшін тынбай, адал еңбек етуіміз қажет. Сонда ғана Елбасы айтқандай қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз.
Еліміз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын.

Дәулет Жұмбеков,


Шиелі аудандық мәслихатының депутаты,


«Ақмая» ШҚ-ның төрағасы,

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<