Кәріс этносының өкілдері Жаңа жылды тойлады

497

0

«Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен қаладағы «Жасмин» мейрамханасында корей халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі тойланды.

Салтанатты кешке Қазақстан Республикасы  Парламент  Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі А.С.Мурадов, облыстық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Л.Б.Төрешова, «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшылығы, облыстағы кәрістер этносы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және барлық этномәдени бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

ҚР Парламент  Мәжілісінің депутаты А.С.Мурадов мерекеге қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Көпжылғы дәстүр бойынша «Қазақстан кәрістер қауымдастығы» Қызылорда облыстық филиалының жетекшісі Елена Ким кәрістер этномәдени орталығының ардагерлері мен белсенділеріне алғысын білдіріп,   сый сияпат табыстады.

Сыр еліне Қиыр Шығыстан жер аударылған корей этносының өкілдері ел дамуына елеулі үлестерін қоса білді.Тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәтте құшағын ашып, бауырына басқан жергілікті қазақ халқымен біте қайнасып,  ынтымақта өмір сүріп, әр салада еңбек етіп келеді.

Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай 5-ші қаңтарды тойланды. Жаңа жылда кәріс этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-баба салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды тек отбасымен бірге өткізеді. Дәстүрге сәйкес бұл күні балалары ата-аналарына сәлем беріп, ал ата-аналары оларға сыйлықтар сыйлады. Барлық отбасы мүшелері ханбок ұлттық киімін киді.

 «Сольналь» мерекесінде би мен әндер орындалды, ойындар ойнатылды. Ал, барабаншылардан құралған кәрістер «Самульнори» ансамблі жиылған жұртшылықты өз өнерлерімен баурап алды.

 

 

 

Облыстық Қазақстан халқы 

ассамблеясының баспасөз қызметі 

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<