Мас күйде рөлге отырған жүргізуші қамауға алынды

582

0

Қызылорда облысында мас күйде қайтадан рөлге отырған жүргізуші қамауға алынды.

Облыс тұрғыны 2019 жылдың 22 тамызында үш жылға жүргізуші куәлігінен айырылса да, мас күйінде көлік тізгініне қайта отырған. “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен аудан көшелерінің бірінде жол жүрісі қағидаларын бұзған жеңіл көлік тоқтатылды.

Құжаттарын тексеру барысында мас жүргізуші бұрын сот шешімімен куәлігінен айырылғаны анықталды. 36 жастағы жүргізушінің тағы да мас күйінде көлік басқарғаны белгілі болды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<