Мақсат Исағабылов \»Сыр барысы\» атанды

384

0

«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» сайысының ақтық кезеңі мәресіне жетті. Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған айтулы бәсеке үш кезең бойынша өткізіліп, төрт жас деңгейінде 8000-ға жуық спортшы сынға түсті.

Түйе палуан сайысына 24 спортшы қатысты. Олардың арасында қызылордалық Мақсат Исағабылов «Сыр Барысы» атанып, оған «Алтын белбеу» белдігі мен 1 млн 125 мың теңгенің сертификаты табысталды. Ал, «Сыр Арланы» – аралдық Нұрым Сəлімгереевке 540 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» – қармақшылық Марат Баймахановқа 360 мың теңгенің сертификаты  берілді.

Үстіміздегі жылдың 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан М.Исағабылов пен Н.Сəлімгереев облыс намысын қорғайтын болады.