МӘМС: ЖЕКЕ КЛИНИКАЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

297

0

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры биылға халыққа тегін қызмет көрсету тұрғысында мекемелермен келісімшарт жасас­ты. Бұл ретте әлеуетті жеткізушілер қатарында жекелердің саны басым.

Облыс бойынша 91 медицина ұйымы осы тізімде болса, соның 65 проценті же­ке­лердің еншісінде. Бұл туралы өңір­лік коммуникациялар қызметіндегі бри­финг­те «Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру қоры» АҚ облыстық филиалы директоры Руслан Бектібаев пен облыс­тық денсаулық сақтау басқармасы бас­шысының орынбасары Олжас Ысқақов мәлімдеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылы толық енгізіледі. Бұл бастама тұтас ден­сау­лық сақтау саласының жұмысын жан­дандыруға септігін тигізбек.

– Өткен жылы 23 қосымша аймақ ашылды. Цифрлы технология – аталған жүйенің алғышарты. Қазір аудандар мен шалғай ауылдардың өзі ғаламторға емін-еркін ене алады. Біз осылай қағазсыз айналымды қолға алып жатырмыз, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Ал қордың филиал директорының айтуынша, мамандар тегін меди­циналық қызметті ұсынумен шек­телмейді, оның сапалы орындалуын қадағалайды. Жеке клиникалардың бел­сен­ділігі стационарды алмастыруда да байқалады.

– Стационарлық, қала және ауыл­дар­дағы емханалық-амбула­тория­лық, кон­сультативтік-диагности­калық көмек­терді көрсетуде жеке кли­никалардың үлесі 3 есеге артты. Биыл бұл қатарға оңалту және қалпына келтіруге бағытталған кө­мек пен стоматологиялық қызмет көрсету де енді, – деді Р.Бектібаев.

Дәулет ҚЫРДАН.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<