Наубайхана ашылды

300

0

Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылдық округінде кәсіпкерлік кеңінен дамуда. Жуырда жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы аясында жеке кәсіпкер Луиза Маxамбетова  ауыл іргесінен шағын наубайхана цехын іске қосты.

Шарада ауылдық округ әкімі Әсет Тұрмаxанұлы сөз алып, кәсібін бастаған Луизаға сәттілік тіледі. 

Аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Бостан Шегебайұлы да кәсіпкерлік саласының қарқынын баяндап, кәсіпкерге  тілектестігін жеткізді.

Айта кетейік, Луиза «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы аясында өткізілген жобаға қатысып, ісін дөңгелетіп отыр.

Наубайxана нан пісіруге қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Мұнда тәулігіне тапсырысқа сай 150 көмеш нан пісіріледі. Пештен шыққан ыстық нан ауылдағы бірнеше дүкендерге жеткізіліп отырады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<