Негізсіз аударылған әлеуметтік төлем мемлекетке қайтарылды

497

0

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы Әлеуметтік қамсыздандыру, халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, жер кадастры бағытында төрт департаментті біріктіре отырып, қызмет атқарып келеді. Әлеуметтік сала бағыты бойынша мемлекеттік бюджеттен артық төленген сомаларды қайтарумен тікелей айналысатын басқарма да бар мұнда. Мемлекеттік бюджет есебінен төлемдердің игерілуіне, сот шешімдері, сондай-ақ жергілікті өкілді органдармен, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің тарапынан берілген мәліметтеріне сәйкес заңсыз төлемдердің уақытылы қайтарылып отыруын есепке алумен айналасыда.


Негізінен аталған басқарма негізгі үш қызметкер қызмет атқарады. Ақпарат пен есептіліктің көптігіне қарамастан, әрдайым есептілікті дәл уақытында тапсыра отырып, анықталған заң бұзушылықтардың салдарынан орын алған артық төлемдерді филиал заңгерлерімен, қалалық және аудандық бөлімдермен бірлесе отырып мемлекеттік бюджетке уақытылы қайтарылуына қадағалап жасап келеді.


Мәселен бір зейнеткер қайтыс болды делік. Алайда, оның қаза болуы тиісті органдарға уақытында хабарланбайды. Салдарынан бюджет есебінен оның шотына зейнетақысы төлене береді. Аталған басқарма кейін бұл артық төлемді мемлекетке қайтарады.


Сонымен қатар, кейбір Қазақстан Республикасынан өзге елге қоныс аударғандарға да әлеуметтік төлемдердің төленіп кетуі жағдайлары орын алған. Жыл басынан бері «Әлеуметтік төлемдерді есепке алу» басқармасы негізсіз аударылған 105 млн теңге болатын әлеуметтік төлемді ел қазынасына қайтарған.


Басқарма алимент, заң және тәртіп бұзушылықтар орын алуы себебімен мемлекеттік органдармен салынған айыппұлдар, сот шығындары, сот орындаушылар қызметақылары, мемлекеттік және микро-қаржылық мекемелердің қарыздарын өндіріп алу мақсатында сот орындаушылардың атқару парақтары негізінде азаматтардың зейнетақы және жәрдемақы төлемдерінен ұсталымын дажүзеге асырады. Зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың қайтыс болуына байланысты олардың отбасылары мен жақындарына жерлеуге берілетін әлеуметтік төлемдерге тапсырыстар беріліп, нәтижесі бойынша есептер жасалады.

Сондай-ақ, басқарма азаматтардың төлемдерін Республикалық бюджет, әлеуметтік сақтандыру және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төлемдер жүргізу үшін тапсырыстар жасайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<