Жыл басынан бері облыс бойынша 230 өрт оқиғасы тіркелді. Өрт оқиғасынан 10 адам қаза болды. 13 адам жарақат алған.
Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді.
Өрт оқиғаларының материалдық шығыны 56 525 600 теңгені құраған, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 3,2 есеге көбейген. Сондай-ақ, газ жарылысының 4 дерегі тіркелген. Ал, көмірқышқыл газынан 6 адам, оның ішінде 2 ересек 4 кәмелет жасқа толмаған балалар уланған.
Сонымен қатар, орман қорында 580,5 га. құрайтын 11 өрт оқиғасы орын алды. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 479 000 теңге.
Айта кету керек, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметі, орман шаруашылығы мен төтенше жағдайлар қызметімен бірлесіп қала және аудандар бойынша құрамында 62 адам бар 14 мобильді топ құрылды. Қазіргі таңда мобильді топпен 302 рет рейдтік шаралар жүргізілді. Рейдтік шара барысында және тіркелген оқиғалар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 367-бабына сәйкес 4 жеке тұлғаға 87 510 теңге айыппұл салынды, ал кодекстің 336-бабына сәйкес 7 жеке тұлғаға «ескерту» шарасын берген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<