Өткен тәулікте 13 адам коронавирус жұқтырды

831

0

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясымен тіркелген науқастар саны – 3 727. Соңғы тәулікте 13 жағдай тіркелді. Ал індеттен айыққан науқастар саны 3586-ға жетті.


Бүгінде инфекциялық стационарда 35, ал стационардың реанимация бөлімінде 5 науқас ем алуда.


Сондай-ақ, коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғаны-15 402, тікелей қарым-қатынас-12 654, ықтимал қарым-қатынас-2 748.


Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 322, тексерілгені – 296, жұмыс жасалуда – 26. Қалдық тест саны – 21 541. Эпид маусым басталғалы бері 209 246 сынама алынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<