Қызылорда облысының тұрғыны 1,2 тонна балықты заңсыз тасымалдаған

714

0

1 тоннадан астам балықты заңсыз тасымалдаған Қызылорда облысының тұрғыны ұсталды. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар миистрлігі Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«Кеше Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Арал балық инспекциясы бөлімі жергілікті атқарушы органдармен және жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, заңсыз балық аулаудың алдын алу мақсатында рейд өткізді. Рейд барысында сағат 10.30 шамасында Арал ауданының Қарашалан-Бөген автожолында «Газель» маркалы автокөлік тоқтатылды.

Тексеру барысында Шөмішкөл елді мекенінің тұрғыны тиісті құжаттарсыз жалпы салмағы 1261 кг балықты тасымалдап бара жатқаны анықталды.

Келтірілген залал 2 317 466 теңгені құрайды», – делінген комитет хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<