Қызылордада рұқсатсыз сексеуіл тасымалдаған азамат ұсталды

603

0

Ағымдағы жылдың 8 ақпан күні Шиелі ауданының орталық көшелерінің бірінде жүк автокөлігі патрульдік полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.


Тексеру барысында көліктің жүк салғышынан кесілген сексеуіл ағашы анықталған. Сексеуіл отынының мөлшерін анықтау мақсатында сот-биологиялық сараптама тағайындалып, құжаттар жинақталуда.


Аталған дерек бойынша жүргізушіге Қазақстан Республикасының ӘҚБтК 389-бабы (Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау (ұстау)) бойынша әкімшілік хаттама рәсімделді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<