Сәбит Пазылов әйелдерді құттықтады

1100

0

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Пазылов Сәбит Бексеитұлы №3 қалалық емханаға медициналық қызмет алуға келген қыз-келіншектерді арнайы гүл шоқтарымен құттықтады.


Сондай-ақ саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған ардагер аналарды мерекемен құттықтады.


«Аймақтағы барша әйел-аналарды құттықтаймын. Сіздердегі мейірім мен махаббат, жауапкершілік пен төзімділік бізді қайран қалдырады. Ұрпаққа өмір сыйлау, оларды тәрбиелеп, қамқор болу да әйелге тән асыл қасиет. Сіздер нәзік те әдемі болмыстарыңызды сақтай отырып, отбасында да, жұмыста да табысқа жетіп келесіздер. Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, бақ-береке, молшылық тілеймін», – деп лебізін білдірген Сабит Бексеитұлы тұрғындармен ашық-жарқын әңгіме құрып, ізгі ниеттерін де тыңдады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<