
«Бұл туралы 25-27 сәуір күндері аралығында Түркияның Байбұрт қаласында өткен халықаралық симпозиумда профессор, доктор Метин Екижи өз баяндамасында айтты. Ғалым табылған қолжазбаны ғалымдарға көрсетіп, ғылыми тұжырымдамасын жасады», – делінген жазбада.
Айта кетейік, «Қорқұт Ата кітабының» Дрезден және Ватикан қалаларында сақталған екі қолжазбасы бар. Бірінші нұсқада 12, екіншісінде 6 дастан жазылғаны бұрыннан дәлелденген.
«Табылып отырған қолжазба 13-дастан болуы керек», – дейді ғалым.
Фото Бекарыс Нұриманның
фейсбуктегі жеке парақшасынан алынды