Тәуелсіздігім тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!

560

0

Қадірменді қауым!


Тұңғыш Президент күні мен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы құтты болсын!

Тәуелсіздікті айтқанда Елбасыны тілге тиек етпеуге болмайды. «Ел мен Елбасы» егіз ұғым дегенді халық мойындады. Бұл орайда бүгінгі Тұңғыш Президент күнінің маңызы өте зор әрі терең.


Елбасы қай кезде де руханият тақырыбын биік қояды. Елдіктің жеті тұғыры қағидаттарында да «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» – деп атап көрсетті.

Тұңғыш Президент замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажеттігін жиі айтады.


Сондықтан тіл мен діл, ұлттық салт-дәстүрді заман талабына сай жаңғырта білу арқылы – кейінгі ұрпаққа жол көрсету бүгінгі мәселе.


Бұл тұрғыда еліміз мықты, жауапкершілігі жоғары ұлт болу үшін әрбіріміз Елбасы ұсынған рухани құндылықтарды дамытуға үлес қосуға міндеттіміз деп білемін.

Қасиетті Қармақшы – жүз жыраудың мекені. Мұнда қазақи дәстүр мен ұлттық өнер жақсы дамыған. Оны Елбасының өзі қуана айтады. Біздің жырауларды, жас жыршы Арайлым Оңғарқызын қабылдап, Тұңғыш Президенттің домбыра сыйға тартуының өзі біздің Жыр елі атанған – Сыр еліне, оның ішінде өнер саласында жүрген жандарға үлкен мәртебе мен қолдау деп білеміз. Мұнан бөлек өнер саласының барлық өкілдері облыс басшысының да қолдауын толық сезінуде.


Сондықтан біз өзіміз көрген құндылықтарды келешек ұрпағымызға дарытып, дамыта беретін боламыз.
Елбасымыздай ұлттық өнердің жанашырлары барда ол мәңгілік.

Тәуелсіздігім тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!

Бидас Үрестембеков,


жырау

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<