Жаңа ІТ жобалар іске асады

268

0

Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба іске асады. Оның бесеуі негізгі салаға, алтауы басым салаларға арналады6 – деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Денсаулық сақтау саласына енетін ІТ жобалардың әсерінен жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасы артады. Бала өлімін азайту, туа біткен ауруларды бастап­қы кезеңінде анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын денсаулық саласының шығындарын азайту көзделген.

Көлік саласына да 3 жоба енеді. Облыстық бюджеттен 2 жобаға 38,7 млн теңге, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 жобаға 800 млн теңге қаралған. Осы арқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері 20%-ке, табысы 30%-ке, кондукторлардың төлемдерді иемденуін 90%-ке азайту, жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақытын және ақпараттандырылуы 40%-ке көбейеді.

Ауыл шаруашылығы бағытында 2 бірдей жоба мақұлданған. ІТ жоба құр­ғақшылық, ­зиянкес­тер­дің жап­пай көбеюі сынды кризистік сәттерді алдын алу үшін қолға алынған. Жалпы 26 ІТ жобаға 13,1 млрд теңге қаржы қаралды. Аталған жобалар халықтың өмір сапасын арттыруды көздейді.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<