
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Айна Мұхамбетова демалысқа барған азаматтардан кене шаққаны жөнінде көп шағым түсіп жатқанын мәлімдеді. Сондықтан сақтық шараларына мұқият мəн беру керек. Айна Қарабұзауқызының мəліметі бойынша, облыста жұқпалы ауруларды емдеуде дəрі-дəрмек жеткілікті.
Суға шомылу маусымында оқыс оқиғалар көбейген. Күннің аптап ыстығында жанына сая іздеген көпшілік су айдындарына жиі барып шомылуда. Алайда, белгіленбеген орындарда суға шомылу салдары қайғылы оқиғаларының жиілеп кетуіне әкеп соғуда. Осыған сәйкес, облыстық төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері үгіт-насихат жұмыстары мен рейдтерді күн сайын өткізіп келеді. Дегенмен жыл басынан бері 21 адам (оның ішінде 8 бала) суға кетіп отыр. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев бүгінге дейін 121 рейд жүргізіп, 22 адамға айыппұл салғанын мәлімдеді.
– Күні кеше Жаңақорған ауданында рұқсат етілмеген жерде суға түскен 42 жастағы ер адам суға батып кетті. Ол екі досымен дарияның жағасына демалуға барып, «тілсіз жаудың» құрбаны болды, – деді Ғ.Жаңабаев.
Шынар БЕКБАН,
«Сыр бойы».
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<