Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жасөспірімнің көлігі айып алаңына қойылды

325

0

2018 жылдың 28 желтоқсанында Қызылорда қаласында болған жасөспірімнің жаяу жүргіншіні көлікпен қағып өлтіру дерегі бойынша тіркелген 2 қылмыстық іске қатысты тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Бұл туралы бүгін облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Алтынбек Ахметов, тергеу басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әбдібек Жаназаровтың қатысуымен өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте белгілі болды, – деп хабарлады syrboyi.kz сайты.

ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен тіркелген қылмыстық іс бойынша (көлiк құралдарын басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) жасөспірімнің кінәсі толығымен қылмыстық іс құжаттары негізінде дәлелденді. Алайда, жасы 16-ға толмағандықтан қылмыстық іс өндірістен тоқтатылды. Қабылданған процестік шешімге облыс прокуратура келісім берді.

ҚР ІІМ-нің 29.12.2015 жылғы №1098 бұйрығына сәйкес, кәмелетке толмаған адам 1 жыл мерзімге облыстық полиция органының профилактикалық есебіне алынды. ҚР ІІМ-нің 15.07.2014 жылғы №432 бұйрығына сәйкес, есепте тұра 1 жыл ішінде қайталап осы тектес құқықбұзушылық жасаса,  профилактикалық есептің мерзімі 1 жылға ұзартылады.

ҚР ҚК-нің 349-бабының 3-бөлігімен (басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол беріп, абайсызда адам өліміне әкеп соғу) тергеп-тексерудің толықтығын қамтамасыз ету бағытында бірқатар кешенді жедел-тергеу шарасы жүргізілді. Барлық қажетті сот сараптамасы тағайындалды.

«Тергеу барысында көлік құралын қасақана беру дерегі анықталған жоқ. Дәлелдерді жинақтауда барлық мүмкіндіктің сарқылуына байланысты 05.04.2019 жылы ҚР ҚПК-нің 35-бабының 2-бөлігімен (іс бойынша іс жүргізуді болғызбайтын мән-жайлар) қылмыстық іс тоқтатылды. Тергеп-тексеру амалдары ҚР ҚПК-нің нормаларын сақтай отырып жүргізілді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

10.04.2019 жылы облыстық прокуратура істі тоқтату туралы шешімнің күшін жойып, қылмыстық іс қосымша тергеу жүргізу үшін кері қайтарылды.

Тергеу барысында жасөспірімнің бұған дейін 4 рет көлік құралын басқару тәртібін бұзғаны анықталды. Автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен (басқару құқығы жоқ адамға көлiк құралын басқаруға беру) әкімшілік шара көру үшін қылмыстық істен бөлектенген құжаттар әкімшілік полиция басқармасына жолданды.

Қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданғанша автокөлік құралы арнайы айып алаңына қойылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<