Бірлестік бірлесіп жұмыс жасады

295

0

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалынан тіркелген екі мыңнан астам байқаушы аймақтағы барлық 344 сайлау учаскелерінде сайлау туралы заңнамаға сәйкес бақылау жүргізді.

Науқанға дайындық кезінде байқаушылар арнайы оқыту курстарынан өткізіліп, әдістемелік құралдармен толық қамтамасыз етілді. Бұл ретте коалиция байқаушылары 2021 жылғы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында, 2022 жылғы Жалпыұлттық референдум мен Президент сайлауында байқаушы ретінде қатысқан тәжірибелі мамандар екенін атап өткен жөн.

Жинақталған ақпарат негізінде кешенді мониторинг жасалды. Қорытынды ақпаратқа сәйкес, сайлау барысында айтарлықтай резонанстық оқиғалар тіркелмеді. Алайда, сайлау барысында біршама кемшіліктердің орын алғаны анықталды. Мысалы, дауыс берушілердің екі адамнан кабинаға кіруі, сайлау үйіне мас күйінде келу секілді бірқатар оқиғалар тіркелді. Сонымен қатар, байқаушылар сайлау заңдылықтарының орындалуын бақылаудан бөлек, орталық штабқа дауыс берушілердің саны, орын алған құқық бұзушылықтар мен қабылданған шешімдер бойынша сағат сайын есеп берді. Біздің байқаушылардың есептеріне сәйкес, сағат 20.00-ге Қызылорда қаласы бойынша сайлаушылардың 41 пайызы дауыс берсе, жалпы облыс бойынша 70 пайызға жуықтады.

Жандос Тұсмағанбетов,

«Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясы республикалық бірлестігі облыстық

филиалының төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<