«Келешек» – жақсы бастама

230

0

Сурет ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын тыңдадық. Елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға байланысты ең басты мәселелер айтылды. Соның ішінде білім саласын замандық сұраныстарға сай жаңғырту өте өзекті болып тұр. Мұны Президент орынды сынға алды.

«Мемлекеттің білім саласына қатысты жұмысында тұтастық, яғни жүйе жоқ. Тіпті, өзара байланыс жоқ деуге болады. Сондықтан, бес жастан асқан балаларға арналған «Келешек» атты бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізуді тапсырамын. Бұл бағдарламада мемлекет тарапынан ұсынылатын бастапқы білім беру капиталы, жылсайынғы мемлекеттік сыйақы және инвестициялық табыс қарастырылуға тиіс. Осы жинақпен «Ұлттық қор – балаларға» жобасының қаражаты қосылғанда жасұрпақтың сапалы білім алуына мүмкіндік туады», – деді Президент.

Шын мәнінде, баланың болашағы бәрімізді ойландырады. Еңбек нарығы үлкен өзгерісті бастан өткеріп жатыр. «Келешек» атты ерікті жинақтау жүйесін енгізу – үлкен бастамы. Бұл бәрімізді толғандыруы тиіс.

Қайрат Аманұлы,

ата-ана

Жаңақорған ауданы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<