Мақсат – халықтың әл-ауқатын арттыру

491

0

Сыр елінде соңғы жылдары атап айтар жетістіктер аз емес. Ел дамуындағы қай салада болмасын жоғары көрсеткіш, өзгелерге үлгі етерлік тәжірибе бар. Нәтижелі жұмыс іс басындағы басшының тәжірибесі мен біліктілігін байқатса керек.

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында атап айтқан жетістік – өңірде Индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясында құны 543 млрд теңгеден асатын 46 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізілуде. Бұл өз кезегінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл құны 45 млрд теңгені құрайтын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар.

Сонымен қатар, биыл Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының және Арал ауданында кальциленген сода зауытының құрылысын бастау дайындықтары жүргізілуде. Шиелі ауданында «Баласауысқандық» ванадий кен орнын игеру жұмыстары жалғасуда, желтоқсан айынан бастап ферромолибден өнімін өндіру басталады.

Мұнан бөлек, әлеуеті зор ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі, қызмет көрсету саласының дамуында айтарлықтай ілгерілеу бар. Сонымен қатар, бизнеске қолайлы аймаққа айналған өңірдің бұл бағыттағы жұмысы өзгелерге үлгі.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімі алдағы әлеуметтік-экономикалық бағыттағы жоспарлармен бөлісті. Бұл орайда өңірде шешімін табуы тиіс өзекті мәселелерді қозғауы – қай кезде де биліктің халық алдындағы жауапкершілігі арта беретіндігін, басты мақсат – халықтың әл-ауқатын арттырып, өмір сапасын жақсарту екендігін тағы бір шегелей түсті.

Серік ДҮЙСЕНБАЕВ,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<