Тағылымы мол мақала

596

0

Тәуелсіздік өзінің құндылығымен маңызды. Сан ғасырлар бойы ата-бабамыз жүріп өткен сара жолдың тарихын қазіргі ұрпақ сезініп, біліп, зердесіне құйып өсуі тиіс. Бұл ретте Елбасының «Тәуелсіздік тағылымы» атты мазмұнды мақаласының берер өнегесі бөлек. Онда тәуелсіздіктің бабалар қанымен келген киелі құндылық екенін сөз етеді. Әлемдік аренадағы Қазақстанның ойып алар орны жайлы ой саларлық әңгіме өрбітеді.

Өзінің балалық шағының ашаршылықпен, соғыспен қат-қабат келгенін жастарға үлгі ретінде айта отырып, былай дейді: «Адамды қандай қиындықтан да аман алып шығатын құдірет еңбек екенін мен сәби кезімнен-ақ сезіндім. Кейінгі жастарға үнемі «Еңбек ет, отбасыңды асыра, еліңе қызмет қыл: өзің де табысты болып, Отаныңның да қуаты артады» дейтінім сондықтан».

Тәуелсіз елдің іргетасын қалаған Елбасының еңбегі өлшеусіз. Оны дүйім жұрт та, көрші елдер де жақсы біледі. Осы уақытта жүзеге асырылған реформалар жемісін берді. «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасы – дамудың даңғыл жолына бастаған ірі жобалардың бірі. Оны іске асыруда халқымызға жұдырықтай жұмылған бірлік керегін еске салады. Тәуелсіздік те бақыт сияқты, бағалаған адамның, аялаған қоғамның қолына тұрақтайтынын айтады. Халқы тату, экономикасы қуатты, мәртебесі биік, абыройы асқақ Қазақстанның болашағы кемелдене түсеріне Елбасының сенімі зор.

Мейрамбек ЖҰМАШЕВ,

 облыстық мәслихат депутаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<