Тарихи шешімдер шапағаты

597

0

Кеше ғана қолға тиген ел газеті «Егемен Қазақстанның» кезекті нөмірін шолып шықтым. Республика көлеміндегі жаңалықтардан бөлек, сүбелі мақалалар легін де асықпай оқыдым. Соның бірі – аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықованың «Елін сүйген Елбасы» мақаласы.

Халық еркіндігінен артық не бар өзі?! Ел тыныштықта өмір сүріп, тәуелсіздіктің әр таңын шын қуанышпен қарсы алғалы 30 жыл өтті. Бұл – біздің мемлекеттің нағыз жетістігі, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегі. Ел дамуы жолында атқарған тынымсыз жұмыстардың шын көрінісі. Міне, мақалада осы жайында кеңірек айтылған.

Қазақ халқы тәуелсіздік табалдырығын аттаған сәттен бері оның барлық жүгін арқалап, ұлт пен ұлысты ұйыстыра білу мықты, көреген басшының қолынан ғана келеді. Әлемге белгілі көшбасшыларға тән ең басты қасиет те осы.

Тұңғыш Президент Сыр топырағына бірнеше рет келді. Әр сапары өңірге оң өзгеріс әкелгенін мақтанышпен айтуға болады. «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» (САРАТС) жобасы, облыс статусын сақтау мәселесі, отандық ғарыш кеңістігін дамыту сияқты тарихи шешімдер тарих қойнауына еніп, ұрпақ жадында әбден сақталатыны анық.

Аймақ басшысы өз мақаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығында Сыр өңірінің  қарқынды дамып, индустриалды-аграрлық өлкеге айналғанын айтып өтіпті. Расымен де жыл жылжыған сайын облыстың даму қарқыны қарыштай түспесе, кеміген жоқ.

Бақберген ДОСМАНБЕТОВ,

мемлекет және қоғам қайраткері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<