Жағымды өзгерістер болары анық

980

0

Мемлекет басшысының бейнеүндеуі жаңа Қазақстанды құрудағы елдің күткен кезекті сатысы болды. Әрине саяси жүйеге түбегейлі өзгеріс жасау Ата Заңға өзгеріс енгізуді қажет етеді.

Өзгеше болуы мүмкін емес. Оны халық дұрыс түсіну керек. Президент белгілеген референдум іс жүзінде жалпыхалықтық болып, нәтижесі ешқандай саяси толқуларсыз аяқталады деп үміттенеміз.

Қазақстан Республикасының теңқұқылы азаматы ретінде мен бұл бастаманы қолдаймын және де отандастарымды ел тағдырын шешудегі бастамада белсенділік танытуға шақырамын.

Жыл басынан бергі елімізде болып жатқан саяси өзгерістерге халық бейжай қарамайтындығын көрсетті. Мұның өзі – демократиялық даму жолындағы жақсы қадам. Билік пен халық арасында сабақтастық орнаса ғана қоғамда жағымды оң өзгерістер болатыны хақ.

Асылбек Жұмабаев,

облыстық ҚХА жанындағы

Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<