Жер пайдаланудың тәртібі күшейді

210

0

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы

28 наурыздағы пайдаланылмайтын және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып берілген жерлерді алып қою жөнінде жұмыс комиссиясын құру туралы тапсырмасына сәйкес, республикалық және облыстық деңгейде жұмыс комиссиялары мен кіші жұмыс топтары құрылды.

Бүгінде комиссия отырыстары өткізіліп, жер учаскелерін тексеру және алып қою жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бірге нақты жоспар бекітілді.

Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері тарапынан жүргізілген түсіндіру жұмыстары бойынша мақсатты пайдаланбаған 42232 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сонымен қатар, осы жылдың өткен кезеңінде Қызылорда облысының жер ресурстарын басқару департаменті арқылы жүргізілген бақылау шаралары нәтижесінде 32344 гектар жер учаскесіне Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарына сәйкес нұсқамалар берілді. Жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бойынша мемлекеттік кірістер департаменті арқылы мақсатты пайдаланбаған (игермеген) жер учаскелеріне белгіленген базалық салық мөлшерлемелері жиырма есеге ұлғайтылатын болады.

Жер – халқымыздың басты байлығы, оны барынша тиімді пайдалану күн тәртібінен түскен емес. Бұл  – шаруашылық жүргізуші тұлғалардың ғана емес, келешек ұрпақ үшін де елдің ортақ мүддесі, игілігі жолында еңбек етіп жатқан баршаға жүктеліп отырған үлкен міндет.

Сондықтан жер учаскелерін дұрыс пайдалануға аса мән беру қажеттігін көптің назарына салғымыз келеді.

Қ.Тоғызбаев,

Қызылорда облысының

жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<