«Ақмешіт бекінісі»

2401

0

Облыс әкімінің қолдауымен белгілі ақын Толыбай Абылаевтың жаңа жыр кітабы жарық көрді. Он екі баспа табақтық кітапқа автордың әр жылдары республикалық әдеби байқауларда бас бәйге, екінші орын алған «Жас Түркістан», «Ақмешіт бекінісі», «Қарақұм құрылтайы», «Жұмақ пен тозақ», «Тарих дастандары», «Астанаға сапар», «Аманат», «Мұқағали мен Зейнолла», «Тоғжан тағдыры» атты бояуы қанық балладалары, Алаштың анасы атанған сұлу Сырдың кешегісі мен бүгіні туралы жаңа жырлары топтастырылған.  Сонымен бірге осы кітаптан ақынның Отан, туған жер, махаббат туралы жырлары кеңінен орын алғанын көреміз.

Кітапқа енген «Ата жұрт» атты топтама жырларында алтын бесік ауыл жөнінде автор:

– Босағаңнан бақ пен дәулет бірге енсін,

Тойың бүгін,

Ойың қырық түрленсін.

Батпан дауға қалдырмаған жақсысын,

Шапқан жауға алдырмаған іргесін, – деп толғанады.

Ақынның жаңа жыр кітабы аймағымыздың 85, Қызылорда қаласының 205 жылдығына арналған.

О.ЖОЛДАСОВ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<