Айбек Бекбанов: Бизнесті дамытуға көмектесуге әрқашан дайынбыз

1832

0

Биыл ЦентрКредит Банкіне – 34 жыл. Осы уақыт ішінде ЦКБ тұрақты қаржы институты ретіндегі беделін нығайтты. Соның арқасында ол өзінің клиенттік базасын сақтап, көбейте алды. Банк елімізде активтері бойынша үшінші, жеке тұлғалардың депозиттерінің өсуі бойынша екінші, коммерциялық банктер арасында нарық үлесі бойынша үшінші орында.

Еліміздегі ең ірі қаржы институттарының бірінің бүгінгі жетістіктері мен болашағы туралы «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамының Қызылорда қаласындағы филиалы директоры Айбек Бекбановпен сұхбаттастық.

– Айбек Алтынбекұлы, ЦентрКредит Банкі өз тарихындағы айтулы жылға қандай жетістіктермен жетіп отыр?

– Жұмыс істеп тұрған коммерциялық банктердің ішінде біз нарықтық экономикаға көшудің барлық қиындықтарынан сүрінбей өтіп, 34 жыл бойы тұрақты, сенімді және табысты болып келген санаулы банктердің біріміз. Осы уақыт ішінде тамаша нәтижелерге қол жеткізе алдық. Бірақ соған қарамастан, әлі де жолдың ортасындамыз.

– Биылғы жыл банк үшін несімен ерекше?

– Биыл банк үшін маңызды оқиғаларға толы болды. Солардың бірі – ресейлік Альфа-Банктің еншілес ұйымының 100% қатысу үлесін сатып алу. Бүгінгі таңда екі банкті біріктіру процесі аяқталды. Бұл нарықтағы тұрақты позицияны нығайтуға көмектесті. Біз тұтынушылар тәжірибесін жақсарту және ең тиімді, пайдаланушыға ыңғайлы өнімдер мен қызметтерді жасау үшін екі топты біріктірдік. 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында банктің меншікті активтері былтырмен салыстырғанда 50%-ға өсіп, 3,1 трлн теңгені құрады. Бүгінде «ЦентрКредит Банкі» АҚ активтерінің көлемі бойынша Қазақстанда үшінші орында.

– Нарықтағы бұл өзгерістердің банк рейтингіне әсері қандай?

– Банктің рейтингі де өсіп келе жатқанын атап өткім келеді. Іскерлік позицияның жақсаруына және капиталдық қордың ұлғаюына байланысты 2022 жылдың шілдесінде халықаралық S&P Global Ratings агенттігі банктің несиелік рейтингін «В/В»-дан «В+/В» деңгейіне көтерді.

Тағы бір айта кетерлігі, биыл ЦентрКредит Банкі жеке тұлғалардың депозиттерінің өсімі бойынша үздік үштікке енді. Заңды тұлғалардың депозиттері де екі есе өсіп, екінші деңгейлі банктердің үздік ондығы арасында үшінші орынға ие болды.

– Ал, аймақтық филиал үшін биылғы жылдың ең басты жаңалығы қандай?

– Біздің филиал үшін биылғы басты жаңалық – қыркүйек айында Арал қаласында облыс бойынша алтыншы бөлімшеміздің ашылуы. Арал – облысымыздың ірі аудан орталықтарының бірі. Ауданның қарқынды дамуы банктің аймақтағы қатысуын арттыру туралы шешім қабылдауға ықпал етті. Біз Арал ауданының тұрғындарына жоғары технологиялық банктік қызметтердің толық спектрін және әрбір клиентке жеке көзқарасты қамтамасыз ететін жоғары сапалы қызмет ұсынуға қуаныштымыз.

Осылайша, 1998 жылы құрылған Қызылорда қаласындағы филиалымыз бүгінгі таңда қаржылық қызметтердің толық спектрін көрсететін 6 бөлімшеден тұрады. Бөлімшелердің 4-уі облысымыздың аудан орталықтары – Жаңақорған, Шиелі, Әйтеке би және Арал қалаларында орналасқан.

– Тұтынушылар арасында танымал өнімдер, қызмет түрлері қандай?

– Жалпы, Банкте көптеген қызықты және танымал өнімдер бар. Мысалы, #картакарта атауы берілген кредит картасын алайық. Бұл – әмбебап карта. Онда жеке қаражатты да, кредит қаражатын да пайдалану, сондай-ақ серіктестеріміздің кең желісіндегі несие лимиті есебінен 12 айға дейін комиссиясыз бөліп төлеу және әртүрлі кэшбэк алу мүмкіндіктері бар. Аталған карта иелері барлық екінші деңгейлі банктердің POS-терминалдарында төлем жасай алады. Сонымен қатар, акцияға байланысты ай сайын сүйікті санаттарын таңдау арқылы ұлғайтылған кэшбэк ала алады.

– Банктің әлеуметтік жобалары туралы айта кетсеңіз…

– ЦентрКредит Банкі әрқашан әлеуметтік жауапты қаржы институты болып қала береді. Біз дәстүрлі түрде тұтынушыларымызға жайлы қызмет көрсетуге ерекше көңіл бөлеміз. Банк зейнеткерлер мен жәрдемақы алатын азаматтарға қағазбастылықтан, артық уақыт пен күш жұмсаудан арылта отырып, барынша жайлы қызмет көрсеткіміз келеді. Айталық, қазір зейнеткерлер үшін бірегей қызмет – #ҮлкенгеҚұрмет зейнетақы карталарын іске қостық. Зейнетақы карталарымен клиенттеріміз дәріханада төлем жасаған кезде 3%, супермаркеттерде 2% кэшбэк ала алады.

Сондай-ақ, банк «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша да нарық көшбасшысы. Қазақстанда берілген әрбір екінші ипотека ЦентрКредит Банкі арқылы беріледі. Жеке ипотекалық бағдарламамыз клиенттер үшін өте түсінікті және қолайлы шарттарды ұсынады. Тариф бастапқы жарнаға байланысты және 13%-дан басталады. Клиент 15 минут ішінде келісім алып, бір күн ішінде құжаттарды рәсімдей алады.

– Банктің қаланың әлеуметтік және қоғамдық өміріне қатысу белсенділігі қандай? Бұл бағытта жобалар бар ма?

– Біз қаланың әлеуметтік және қоғамдық өміріне белсене араласамыз. Айталық, біздің әлеуметтік өнім – кішкентай клиенттерімізге арналған JuniorBank картасы. Оның артықшылығы – балалар JuniorBank қосымшасы арқылы шағын жинақтарын басқаруды, асханада немесе дүкенде картамен төлеуді үйренеді. Балалар мектепке қолма-қол ақша апармайды. Осы бағдарлама аясында біз ай сайын мектептерде қаржылық сауаттылық сабақтарын өткіземіз. Бұл сабақтарда ақшаның пайда болу тарихын айтамыз, ақшаны дұрыс басқаруды және өз мақсаттарына жету үшін дұрыс үнемдеуді үйретеміз. Сондай-ақ, банк өз қаражаты есебінен мектептерге турникет орнату жобасын да қолға алған. Турникет арқылы балалар біздің карта арқылы өте алады. Бұл балалар үшін қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Сол арқылы ата-аналар балаларының мектеп ғимаратында екеніне сенімді бола алады. Бұл бағытта қазірдің өзінде жақсы нәтижелер бар. Мысалы, мұндай турникет атындағы И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық жоғары колледжінде және Қазанғап атындағы Қызылорда музыка колледжінде орнатылған.

Сонымен қатар, «Мектепке жол» сынды әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруда облыс әкімдігімен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Мұндай акциялар үнемі өткізіліп тұрады. Біздің басты мақсатымыз – клиенттерге банктен тыс уақытта да жақын болу. Қалалық сенбіліктерге де жүйелі түрде қатысып, қоршаған ортаға қамқорлық ісіне үлес қосудамыз.

– Шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылай қолдау деңгейі қандай? Банк бұл бағытта қандай бағдарламаларға қатысуда?

– Бүгінде ЦентрКредит Банкі еліміздегі шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау бойынша ауқымды жұмыстар атқаруда. Бизнеспен табысты жұмыстың арқасында біз тұрақты және сенімді серіктес ретінде беделге ие болдық. Қазіргі уақытта ЦКБ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ іске асырып жатқан кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі барлық мемлекеттік бағдарламаларға белсенді түрде қатысуда. Сонымен, жыл басынан бері жалпы сомасы 4 379 млн теңгеге 816 жобаны қаржыландырдық.

Кәсіпкерлер мен компаниялар үшін есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, айырбастау, халықаралық аударымдар танымал болып қала береді. Атап өтерлігі, біздің банкте әркім өзінің FX платформасында валютаны сатып алып, сата алатын өте тиімді бағамдар бар.

– Бүгінде жеке кәсіппен айналысуда жинаған қаражаты бар адам кемде кем. Кәсіп бастау жолында бастапқы қаражаттың бірден-бір көзі – шағын несиелеу екені белгілі. Облыс кәсіпкерлері арасында қандай несиелендіру түрлері сұранысқа ие?

– Аймақ кәсіпкерлері арасында «Шағын және орта бизнесті жеңілдікпен несиелеу» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын және микро бизнесті несиелендіру ерекше танымал. Ол арқылы инвестиция мақсатында және айналым қаражатын толықтыру үшін кепілсіз жылдық 6% несие алуға мүмкіндік бар. Біз әрбір клиентті жеке қарастыруға және бизнесті дамытуға көмектесуге әрқашан дайынбыз.

Банк заңды тұлғаларға жан-жақты қызмет көрсетумен қатар, қазақстандық кәсіпкерлерге бұдан да тәуелсіз болуға мүмкіндік беретін, тәулік бойы шоттарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін және тек өз бизнесін дамытуға көңіл бөлуге мүмкіндік беретін #business картасын іске қосты. Карта бухгалтерлік есеп процесін айтарлықтай жеңілдетеді. Енді есеп үшін ақша берудің қажеті жоқ, барлық транзакциялар шотта көрсетіледі. Жалпы, біздің банкте шағын және орта бизнес клиенттері үшін өнім желісінің өте үлкен таңдауы бар.

Алдағы бірнеше жылда банктің қандай өнімдерін ерекше перспективалы деп атауға болады?

– Жақын болашақта перспективалы банк өнімдері – цифрлық арналар, мобильді қосымша арқылы жұмыс. Клиенттердің үйден шықпай-ақ қызмет алуы үшін банк цифрлық арналарды дамытады. Біздің BCC.KZ қосымшасы туралы айтатын болсақ, бұл сіздің қаржыңызды тәулік бойы басқарудың ең ыңғайлы және оңай жолы. Қосымша арқылы 2000-нан астам қызмет түрлерін мүлдем тегін төлей аласыз. Тарифтері өте қолайлы, валютаны сатуға және сатып алуға болатын FX жеке платформасын да айрықша атап өтуге болады.

Беделді Markswebb рейтинг агенттігінің бағалауы бойынша, биыл BCC.KZ Қазақстандағы ең үздік мобильді қосымша атанды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, сүйікті клиенттерімізге сенімдері үшін алғыс айтқым келеді. Бұл біздің банк ұжымының үлкен жұмысы және мұндай марапаттар бізді ең жақсы өнімдерді жасауға ынталандырады.

– ЦентрКредит Банкі болашақтар дамудың басқа қандай бағыттарына басымдық беріп отыр?

– Банк қазіргі бағындырған белестерімен тоқтап қалмайды. Күн өткен сайын клиентке қызмет көрсету сапасын арттырудың жаңа жолдарын іздестіріп, дамытуда. Әрқашан биік мақсаттарға ұмтылатын кәсіпорын өз клиенттерімен бірге өсіп, өркендеуді жалғастыруға ниетті.

– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Биболат СӘТЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<