Қалдырған ізін мәңгілік

773

0

Сырдың киелі топырағында өскен өнер тарландарының есімі ел асып, әлемге әйгілі болды. Олардың өзіндік өрнек қалыптастыруына үлес қосқан ұстаздардың бірі де бірегейі – Қаракөз Ақдәулетова. Мәдениет майталманы қазір арамызда болмаса да, оның өнерде жаққан әр жұлдызы бүгінде жарқырап жанып тұр. Ұлағатты ұстаз ұстаханасынан шыңдалған шәкірттер осыны байқатады.

Осы аптада әнші-ұстазды еске алу­ға арналған «Сыр бұл­бұлы» кешіне келу­шілердің қа­­тары қалың болды. Бұл – өне­рімен ғана емес, қарапа­йым­дылығымен қалың елді өзіне еліте білген Сыр­дың та­лантты қызына деген құр­мет. Өнер саң­лағының ке­шінде шә­кірттері, Қазақ­стан­­ның еңбек сіңірген қай­раткері Бибігүл Жанұзақ, ха­­лық­аралық кон­курстардың лау­реаты Та­хауи Рахметов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Жылтыркөзов, «Құрмет» орде­нінің иегері Самал Байсейітова өнер көрсетті. Қаракөз Ақдәу­летовамен 30 жылдан астам бірге қызметтес болған, ха­лық­аралық, республикалық дә­режедегі ше­берлерді бірге да­йындаған білікті концерт­мейстер Арина Цой да әсерлі әнін жолдады.

Музыкадағы кәсіби дең­гей­­дің биік­тігін қолдап, өнер таза­лығын қорғаған Қаракөз Ақдәу­летова бірнеше жыл Қа­­занғап атын­дағы Қызыл­орда жоғары музыкалық кол­леджінің академиялық ән салу бөлімін басқарып, балалар сту­диясының шә­кірттерін тәр­биелеуге үлес қосқан еді. Кеште осы өнерпаз өрен­дер де тың­дарманын бей-жай қал­дыр­мады.

– Өткен жылы Сыр мә­­дениеті ауыр қазаға ұшы­рады. Бұлбұл әнші Бибігүл Төле­генованың төл шәкірті, біздің тәлім­гер-ұстазымыздан көз жа­­зып қалдық. Бірақ, да­рын иесінің жылы жүзі, мейірімі мен қалдырған мұрасы мәңгі есімізде. Бүгін облыстық халық шы­ғармашылығын да­мы­ту жә­не мәдени-про­дю­серлік ор­та­лығы жанын­дағы бала­лар сту­диясына Қаракөз Ақ­дәу­­ле­тованың есімі берілуі соның дәлелі, – деді шәкірті Феруза Арғынбаева.

Расында, Қаракөз Ақдәуле­то­ваның қай­таланбас дауысы – қазақ руханиятының қым­бат байлығы. Сыр мәдениетін би­ікке кө­теруге мол үлес қосқан бұл есім қызыл­орда­лықтардың әрқашан есінде сақталары айқын.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<