Ұлы даланың аманаты

202

0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өңірде түрлі іс-шаралар бас­тау алды. Осы орайда облыстық мемлекеттік архивінде «Жас архивистер  мен тарихшылар» клубының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың аманаты – Тәуелсіздік» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті.

Оған Қорқыт ата атын­дағы Қы­­зылорда универ­си­тетінің профес­соры Ме­руерт Аңсатова, «Тарих жә­не Қазақстан халқы Ас­самблеясы» кафедрасы­ның аға оқытушысы Бақытжан Ахметбек, қалалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орта­лы­ғының мұғалімі,  Желтоқ­сан оқиғасының қатысу­шы­сы Аманбай Канетов, сала мамандары, БАҚ өкілдері мен студенттер қатысты.

Шараны архив басшысы Жанат Абзалиева ашып, Тә­уелсіздік жыл­дарындағы елі­міздің жеткен жетістіктеріне ке­ңінен тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаевтың «Тәуелсіздік бә­рінен қымбат» атты мақа­ласында жас ұрпақ тәуел­сіздік тағылымын зерделеу керектігі  айтылған.

Кездесу барысында «Тә­уелсіз елдің тарихи ше­жі­ресі» атты онлайн-көр­ме көпшілік назарына ұсы­ныл­­ды. Жастарға берер тәр­биелік мәні зор жиында қа­ты­сушылар тақы­рып­қа сай еркін пікір алмасып, ой­­ла­рын ортаға салды. Та­рих пәні мұға­лімдері мұн­дай ша­ралар оқушы­лар ара­сында жиі ұйымдас­ты­ры­лып, алдыңғы буын олар­ға еліміздің тарихы мен Тә­уелсіздік ұғымын те­рең түсіндіру мақсатында бас­қосулар мен кездесулер өт­кізілсе деген ұсыныс білдірді.

«СБ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз