Конкурс өткізу туралы хабарландыру

527

0

Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бос тұрған шаруашылық жүргізу құқығындағы «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы №60 А үй, анықтама үшін телефондары: 8 (7242) 400779, факс 8 (7242) 231901.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Қызылорда облысында мемлекет меншігіндегі су шаруашылығы жүйелерін және құрылыстарды күтіп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, табиғат пайдаланудың және орман өсірудің шектеулі режимі бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жаратылыстану ғылымдары (экология, инженер, гидрология); ауылшаруашылық ғылымдары (су ресурстарын пайдалану және су ресурстары, агрономия, зоотехния, орман ресурстары және орман шаруашылығы), техникалық ғылымдар және технологиялар (тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, құрылыс), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе құқық (құқықтану) мамандықтары бойынша жоғары білім.

Мамандығы бойынша экономика саласы кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Компьютерлік бағдарламалармен жұмыс істей білу (Word, Excel, Outlook).

Кәсіби қызметті тиімді атқаруға қажетті құзыреттер: Қазақстан Республикасының Конституциясын,  Су кодексін, Еңбек кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын, және осы кәсіпорынның қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.

Сондай-ақ бекітілген кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі.

Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтiнiш;

2) мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде түйiндеме;

3) еркiн нысанда жазылған өмiрбаян;

4) бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерi;

5) еңбек кiтапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшiрмесi не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшiрмелерi;

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзiнiң бiлiмiне, жұмыс өтіліне, кәсiби даярлық деңгейiне қатысты қосымша ақпаратты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с) бере алады.

Конкурс Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы                       2 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу» Қағидалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа мынадай тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жасқа толмаған;

2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру және құжаттарды қабылдау осы хабарландыру жарияланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жүргізіледі.

Мекенжайы: 120008, Қызылорда қаласы, Сұлтан бейбарыс көшесі  №1  («Облыстық мекемелер үйі») 2 қабат, 232 бөлме.

Анықтама телефондары: 8(7242) 605361.

Қызылорда облысының табиғи ресурстар

және табиғат пайдалануды реттеу

басқармасының конкурстық комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<