«Қыран» мекемесінің ауласында 200-ге жуық балондар жанып кетті

587

0

Бүгін сағат 11-ден 46 минут өткенде Қызылорда қаласы, Сағымбаев көшесі н/з «Қыран» мекемесінің ауласында балондар жанып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД 30 қызметкер, 9 техника жұмылдырылды.
Мекеменің ауласында ауданы 20×30 метр (Биіктігі 2 метр) жиналған ескі доңғалақтар жанып жатқаны анықталды (жобамен 200 шт).
Сағат 12-ден 10 минут өткенде оқиға орнында штаб құрылып, өрт 13.09 минутта толық жойылды. Зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<