2026 жылы Олимпиада ойындарын қай ел өткізеді?

112

0

Халықаралық олимпиада комитеті 2026 жылы өздерінің елінде қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізу ниетін ресми түрде растаған жеті Ұлттық олимпиада комитетінің тізімін жариялады.

Австрияның Ұлттық олимпиада комитеті Олимпиада өткізуге үміткер қала ретінде Грац қаласын, Канаданың Калгари, Жапонияның Саппоро, Швецияның Стокгольм, Швейцарияның Сьон, Түркияның Эрзурум қаласын ұсынды. Италияның Ұлттық олимпиада комитеті Олимпиада ойындарын өткізу үшін Кортина- д’Ампеццо, Милана немесе Турин қалаларын ұсынды.

«Қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге қызығушылық танытып отырған барлық ел мен қаланы қолдаймын. Халықаралық олимпиада комитеті Олимпиада өткізуге үміткерлерге қатысты парақ бетін ашты. Біздің мақсат – көп үміткер жинау емес, мақсатымыз – әлемнің ең үздік спортшыларына арналған ең үздік Олимпиада ойындарын ұйымдастыратын ең үздік қаланы анықтау», – деді ХОК президенті Томас Бах.

2026 жылы қысқы Олимпиада мен Паралимпиада өтетін қала 2019 жылы қыркүйекте ХОК сессиясында анықталады.

 Дереккөз: Baq.kz